Меню KDT
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo7.png?_=1

" БЕРЁЗОВКА ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
  • kz
  • ru
  • en
  • Www.atamekenim.kz» порталы

    «Мектепке жол» платформасын құру

     

    Ағымдағы жылы республикада көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы оның дәстүрлі басталуына бір ай ерте, шілде айынан басталғандығы өздеріңізге белгілі.

    «Ата мекенім» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталында көмекке мұқтаж ата-аналар өз өтінімдерін қалдыра алатын «Мектепке жол» платформасы құрылды.

    Өз кезегінде демеушілер мен меценаттар ақшалай қаражатты онлайн-аудара отырып осы портал арқылы көмек көрсету бойынша өз ниеттерін жүзеге асыра алады. Бұл платформа жыл бойы жұмыс жасайды.

    Ата-аналардан немесе оларды алмастырушы тұлғалардан түскен өтініштер ұлттық білім беру дерекқорының мәліметтерімен салыстырылатын болады, одан кейін көмек атаулы түрде бөлінетін болады.

    Сонымен қатар, көмек көрсетудің дәстүрлі әдістері жалғасатын болады.

    Сонымен бірге, балалардың құқықтарын бұзу фактілері бойынша жедел әрекет ету және шаралар қабылдау үшін «Телеграмм» мессенджерінде "BALA QORAÝ" ("https://t.me/bala_qorgau) чат құрылды.

     

    «Мектепке жол» платформасын толтыру бойынша іс-қимыл алгоритмі

     

    1. Қадам. Мекенжай өрісінде www.atamekenim.kz теру қажет

     

     

    2. Қадам. «Мектепке жол» қойындысын таңдау

     

    3. Қадам. «Өтінім беру» қойындысын таңдау және алаңдарды толтыру.

     

    Список пуст

    Президент Жолдауы

    pres.jpeg?_=1
    Список пуст

    Полезные ссылки